«ХАЛЫҚТЫҚ ҰЖЫМ» «АТАМЕКЕН» — «АСЫЛЫМ» ӘН АНСАМБЛЬДЕРІ

«Атамекен» және «Асылым» ардагер аталар мен аналар ансамблі 2018 жылдың 6 қазанында құрылып, 10 қазаннан бастап өзінің шығармашылылық репертуарын бекітіп, дайындық жұмысын бастады.

Алғашқы тұсаркесер концертін 6 – желтоқсан күні қалалық мәдениет Үйінің концерт залында жұртшылық назарына ұсынды.

Концертке сол кездері облыс әкімі Б.М.Сапарбеков қатысып, өнерлі ұжымға оң баға беріп, алдағы уақытта аудандар мен ауылдарға, қала мектептері мен оқу орындарына тәрбиелік мәні бар шығармашыл, өнегелі ұсыныс ретінде өнерлерін көрсетіп, халыққа ұсынылуы керектігін атап айтқан болатын.

Сол уақыттан бері аталмыш қос ұжым жаздың ыстығына, қыстың суығына, жол жүрудің қиындығына қарамастан халыққа «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша «Ғасырлар үні – бабалар жолы дастаны» атты шығармашылық концерттерін ұсынып келеді.

Ансамбль мүшелерінің саны 21 адам. «Атамекен» аталар ансамблінде 11 адам, «Асылым» аналар ансамблінде – 10 адам. Жас шамалары – 50- 67 жас арасы.

Ағымдағы жылдың маусым айында екі өнерлі ұжымды біріктіріп, ҚР Мәдениет министрлігі комиссиясының шешімімен «Халықтық» атағы берілді. Қазіргі таңда «Атамекен – Асылым» ардагер аталар мен аналар «Халықтық» ән ансамблі деп аталады.

Облыстың 9 ауданы мен елді мекендері концерттік бағдарлама ұсынып, танылдық. Шығармашылық репертуарымызда 70 тарта әндер мен әртүрлі тәрбиелік мәні бар тақырыптағы қойылымдар, бата түрлері бар.

2019 жылы «Мәңгілік елдің – Мәдени мұрасы» атты облыстық байқауда «Асылым» аналар ансамблі 1 орын және ақшалай сыйлыққа ие болды. «Атамекен» ардагер аталар ансамблі Дипломмен марапатталды.

Ұлттық өнерді ту еткен «Атамекен» ардагер аталар мен «Асылым» аналар ән ансамблі Алматы қаласында өткен  «ӨНЕРЛІ ЕЛДІҢ ӨРЕСІ БИІК»  атты IV республикалық ата-апалар арасындағы өнер байқауында өнер көрсетіп, көптің таңдауымен Бас жүлде – Гран –При иегері атанды.

⠀Республикалық байқаудың ұйымдастырушысы, идея авторы Гүлмира Нәлібай, «Мереке» шығармашылық орталығының жетекшісі М.Смайлованың, «ҚР Еңбек сіңірген әртісі» бас сарапшы Сұлушаш Нұрмағамбетқызының төрағалығымен зейнеткерлер арасындағы байқау биік деңгейде өтті.

⠀Ақтөбе  қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан құрылған Атамекен» ардагер аталар мен «Асылым» аналар ән әнсамблі байқаудың нәтижесі бойынша 9 номинация  бойынша үздік атанып, әділқазылардың сүйіспеншілігіне бөленді.

⠀Атап айтсақ:

1.  «Бата беру» номинациясы  — Ырсалы Имұхамбет;

⠀2.  «Ақындық өнер» номинациясы  – Ундирбаева Дәметкен;

⠀3. «Жеке дауыс»  номинациясы  — Жұбатқанова Жанар;

4.  «Жеке дауыс»  номинациясы  – Дильманов Сағынжан;

⠀5.  «Дәстүрлі ән» номинациясы  – Нұржанова Күлән;

⠀6.  «Жеке дауыс» номинациясы     —  Қуан Қамалхан;

⠀7.  «Хормен ән салу» номинациясы —  «Асылым» аналар ән ансамблі;

⠀8.   «Дуэт»  номинациясы  – «Атамекен – Асылым» ардагер аталар мен аналар Халықтық» ән ансамблінің дуэті;   (Ж.Жұбатқанова, С.Бекболатов).

⠀9.  «Квартет» номинациясы — Қ. Сағынова, С.Ділманов,  Ж.Жұбатқанова, С. Бекболатов.

⠀ Бас Жүлде  «ХОРМЕН ӘН САЛУ» номинациясы  бойынша «Атамекен — Асылым» ардагер аталар мен аналар «Халықтық» ән ансамблі иеленді.

⠀Кәсіби  деңгейде өнер көрсеткен қос ұжымға әділқазы мүшелері алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

⠀Қос ансамбльдің көркемдік жетекшісі —  Халықаралық және Бейбітшілік Әлемі творчестволық бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалінің иегері Қ.Сағынованың еңбегі зор.

⠀ Ансамблдің музыкалық көркемдеушісі  әрі сүйемелдеушісі С.Бекболатов.

«Асылым» аналар ән ансамблінің мүшелері:

1. Алдашева Гүлімжан Абдрашитовна

2. Бахитжанова Ұлаш

3. Ельданова Мария Молдағазықызы

4. Ермекова Рахила Хайруллақызы

5. Жұбатқанова Жанар Мұғажанқызы

6. Нұржанова Күлән

7. Такрепова Сымбат

8. Ундирбаева Дәметкен Ундербаевна

9. Сатыбалдина Гүлжан

10. Сағынова Қаракөз

«Атамекен» аталар ән ансамблінің мүшелері:

1. Бекболатов Садық

2. Құрманбек Еркін Жолмырзаұлы

3. Қуан Хамза Қазиханұлы

4. Қуан Қамалхан Қуанұлы

5. Шайманов Бекболат

6. Өтеғалиев Хайдар Серғазыұлы

7. Боранкулов Шыңғыс Жоламанович

8. Рсалин Имухамбет

9. Камалов Айсәуле Алмаганбетович

10. Дильманов Сағынжан

11. Науанов Қабақ

Сағынова Қаракөз Сағынқызы

«Атамекен» — «Асылым» ән ансамблінің көркемдік жетекшісі Сағынқызы Қарагөз

Қалалық мәдениет Үйі жанынан
тұңғыш рет құрылған «Атамекен»
ардагер аталар және «Асылым»
аналар ансамбльдерінің жетекшісі
Сағынова Қаракөз Сағынқызы 1975 жылы Қызылорда педагогикалық институтын музыка пәнінің мамандығы бойынша бітірген.

2018 жылдың қазан айынан бері Ақтөбе қаласының қалалық мәдениет Үйінің жанынан құрылған «Атамекен» аталар және «Асылым» аналар ансамбльдеріне жетекшілік етеді. Осы уақыт ішінде Қарагөз өзін жақсы жақтарынан көрсете білді. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары музыкалық жағынан өте сауатты, вокал, халық әндері жанры бойынша терең білімді және хор ұжымдарымен жұмыс жасауға жақсы машықтанған.

2008-2016 жылдар арасында қалалық мәдениет Үйіне қарасты «Геолог» мәдениет Үйі бөлімінің «Асыл әжелер» халықтық ансамбліне жетекшілік жасап, осы ұжымның 10 жылдығын жоғары дәрежеде аймақтық фестиваль түрінде Ақтөбе қаласында өткізуді ұйымдастыра білді. Фестиваль жоғары дәрежеде өтті.

Кейін 2018 жылдың қазан айында қалалық мәдениет бөлімінің шақыруымен Ақтөбе облысында алғаш рет ардагер аталардан және зейнеткер аналардан «Атамекен» ерлер, «Асылым» атты ансамбльдерінің құрылуына да үлес қосып, бүгінде жетекшілік етуде.

Хорға қатысқан зейнеткерлерді іріктеп, оларды ұжым ретінде қалыптасыруға атсалысты. Хордың репертуарларын әзірлеп, орындау техникасын түрлендіріп отырады. Орындаушылармен жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізді. Зейнеткерлерді сахна мәдениетіне, ән орындау шеберлігінде баулыды. Жұмыс жоспарын құрып, ай сайын хордың репертуарларын жаңа шығармалармен байытып отырды. Қазіргі күні ұжымның орындауында 50-ден астам әндер бар.

Қаракөздің басшылығы мен «Атамекен» ардагер аталар, «Асылым» аналар ансамбльдері Ақтөбе қаласының ғана тұрғындарына емес, аудандар мен ауылдарда да өз өнерлерін көрсетуде.

Қарагөз Сағынқызы қалалық мәдениет Үйінің атынан, аудандар әкімінің ардагер Кеңесінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

Бүгінде өз еңбегінің нәтижесін көру үшін талай тер төгіп, еңбек еткен жандардың бірі. Отбасылы – 4 ұл, 1 қыздың тәрбиелеген ана және 13 немеренің әжесі.