«ХАЛЫҚТЫҚ ҰЖЫМ» «СҰҢҚАР» ВОКАЛДЫ АНСАМБЛІ

Қалалық мәдениет Үйінің жанынан құрылған
«Сұңқар» вокалдық ансамблінің құрылу тарихынан

«Сұңқар» вокалдық ансамблінің негізі алғаш рет 2011 жылы  10-қыркүйекте Қалалық мәдениет Үйі ән үйірмесі ретінде ашылып қалыптасты. Құрамында 60 жас өнерпазы болған. Жеткіншектерден  құралған бұл үйірменің репертуары  көбіне патриоттық әндерден құралған болатын. Ал, 2011  жылы өнердің көкжиегінен көрініп, жүйеленіп, қатысушылардан 23 оқушы іріктелініп алынды. Өнер көгінде сұңқардай самғап, өнердің биігінде еркін самғасын деген ниетте аты «Сұңқар» деп өзгертілді.

Талант пен талап, мұқалмас жігер, отты ой қашанда адамдарды  биіктерге жетелейді, таланттар іріктеліп, өнерпаздардан квартет, трио, дуэттер құрылды. «Сұңқар» мүшелері облыстық, қалалық, Республикалық байқаулардың жүлдегерлері атанды. Уразалин Санат пен Қосаев Бексұлтан Алматы қаласында өткен Республикалық «Ғұмыр дария» атты ән байқауының лауреаты атанды. Осы байқауда орындалған «Атамекен толғауы»  әніне бейне баян түсірілді.

2015 жылы  Мұхтар Арнұр «Қарлығаш»  балалар және жасөспірімдер облыстық телевизиялық ән байқауында бас жүлде, «Ақ сұңқар»  халықаралық балалар  мен жасөспірімдер  фестиваль конкурсының 1-орын жүлдесін иеленді. Республикалық «Рауан» конкурсының бас жүлде иегері. 2015 жылы «Жас толқын» байқауының бас жүлде иегері. «Ақбөбек – 2» облыстық шығармашылық байқауының бас жүлде иегері «Ақтөбе» аспапты вокалды  ансамблімен бірге  Ырғыз ауданына барып, халықтың ықыласына бөленді. Баспасөз беттерінде жарнамалана бастады.

«Сұңқар» вокалдық ансамблі қалалық мәдениет Үйіндегі басқа да ұжымдармен т ығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Әсіресе, «Халықтық  Ұжым» «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблімен бірге өнер көрсетіп келеді.

2013 жылы 18 желтоқсанда «Сұңқар» вокалдық тобы «Халықтық» атаққа ие болды.  Жетекшісі – дәстүрлі өнер өкілі, жезтаңдай әнші Ләззат Ерпайызқызы Медетова.

Ансамбльдің жетістіктерін атап айтсақ:

1. «Сұңқар» вокалдық ансамблі елеулі еңбегінің нәтижесінде ҚР  мәдениет және ақпарат министрлігінің №306 Бұйрығымен 18.12.2013ж Ақтөбе облысы бойынша «Халықтық» атағына ие болды.

2. 2015 жылы 20-қарашада «Тәуелсіз елдің қырандары – Сұңқар» атты 5-жылдық мерейтойын атап өтті. Концерт «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының түсірілімі арқылы халық назарына ұсынылды.

3. Ансамбль жетекшісі 2016 жылы  «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл»  мерекелік медалімен наградталды. 2016 жылы өткен I Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Әлем Талант stars» байқауында «Халықтық» «Сұңқар» вокалды ансамблінің өнерпаздары Бас Жүлдемен марапатталды.

4. 2017 жылы «Жұбанов кездесулері» атты аймақтық мәдени білім беру жобасына қатысып, Мұхтар Арнұр Бас жүлде, Өтегенов Қуаныш – жүлделі I орын, Турсунов Дарын – жүлделі II орынды иеленді. Сондай-ақ, «Алтын дауыс -2017» байқауының 3 жүлделі орынды иеленді.

5.2017 жылы ансамбль өнерпаздары «Қос жұлдыз» байқауының бас жүлдесін иеленді.

6. 2018 жылы ансамбль жетекшісі ҚР мәдениет және өнер қызметкерлері күніне Астана қаласы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасы табысталды.

Өнерлерінде ізгілікпен егіз туған шынайылылық атаулыға құштар талант өрісінің ақжарма сыры мен ыстық лүпілін жинаған «Сұңқар» ансамблі әлі де талай асуларды бағындыра алады деп сенеміз.

Қалалық мәдениет Үйінің жанынан құрылған
«Сұңқар» вокалдық ансамблінің жетекшісі Ләззат Медетоваға

Медетова Ләззат

Медетова Ләззат Ерпайызовқызы — 1978 жылы Қызылорда облысы, Кәукей ауылында дүниеге келді.

2002-2006ж.ж. аралығында «Болашақ» колледжінің «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша сырттай білім алған. 2014 жылы Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ЖОО бітірген.  Еңбек жолын 2004 жылы Тараз қаласы Меркі ауданындағы «Меркі әуендері» ән-би фольклорлық ансамблінде әнші лауазымындағы қызметінен бастаған.

2004 жылы Ұлы Жеңістің 60 — жылдығына орай  өткізілген облыстық «Елім менің» атты патриоттық әндер байқауында С.Байтерековтың әні «Жер ана», «Соғыстан қайтқан солдаттар» әндерін орындап, жүлделі ІІІ орын иеленді.

2005 жылы Шымкент қаласында өткен «Шалқар  термесі – 2005» термешілердің Республикалық байқауында халқымыздың төлөнерін насихаттауға қосқан үлесі үшін «Бұхар жырау» арнайы жүлдесін жеңіп алды.

2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Ш.Қалдаяқовтың                                 75 – жылдығына орай «Менің Қазақстаным» атты халықаралық ән байқауында ІІ орын иеленіп, Лауреат атағы беріліп алтын медальмен марапатталды. Осы байқауда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  қолынан «Алтын домбыра» сыйлығын алды.

2008 жылы қалалық мәдениет Үйінің «Ақтөбе» вокалды ансамблінің әртісі (вокал) болып қызметін атқарып жүріп, 2010 жылы Ләззат Ерпайызқызы «Сұңқар» вокалды тобын құрып, 2013 жылы «Халықтық» атағын қорғап шықты. 2014 жылдан бастап «Халықтық» «Сұңқар» вокалдық тобының көркемдік жетекшісі болып келеді. Осы уақыт аралығында Ләззат өзін жан-жақты көрсетіп келеді. Қала көлемінде өтетін мерекелік мәдени көпшілік шараларға ат салыса қатысады, сондай-ақ үлкен шараларда да белсенді араласып, қабілетін биіктен  көрсетіп жүр. «Халықтық» «Сұңқар» вокалдық ансамблі аз уақыт ішінде көрермендердің көзайымына айналды. Үнемі шығармашылық ізденісте жүреді.

Л.Ерпайызқызы ұжым арасында сыйлы, шығармашылық ізденісі көп. Жұмысына қабілетті, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды. Шәкірттеріне талап қоя біледі. Мерекелік шаралардың жоғары дәрежеде өтуіне үлкен үлес қосып келеді. Өз қызметінің  маманы.

2018 жылды Облыс әкімі «Бала жылы» деп бекітті. Осы жоба аясында «Халықтық» «Сұңқар» вокалды ансамблі «Бақытты бала» авторлық әнін жазып, бейнебаян түсіріп, тысау кесерін өткізіп көрермендеге тарту етті.

Қазіргі таңда «Халықтық ұжым» «Сұңқар» вокалды ансамблінің  құрамында оқушылардан және  студенттерден  құралған жоғары, орта және кіші топтардан 6 топ бар. Л.Ерпайызқызының жетекшілігімен өнерпаздар Республикалық, Халықаралық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді және алға қойған мақсаттары да жоқ емес.

2011жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Н.Қорғанбаеваның – Алғыс хатымен марапатталды.

2013 жылы «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  ММ-нің 60 жылдық мерейтойы, ҚР мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай қала әкімі Е.Омаровтың Алғыс хатымен марапатталды.

2015 жылы «Халықтық»  «Сұңқар» вокалды тобының 5 жылдығына  Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Арынғазиеваның  алғыс хатымен марапатталды.

2015 жылы  ҚР Тұңғыш Президент күніне «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы М.Н.Қорғанбаеваның Алғыс хатымен марапатталды.

2016 жылы  мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі күніне орай қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2016 жылы  ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл  мерекелік медалімен наградталды.

2016 жыл Халықаралық кітап күніне орай  ұйымдастырылған «Ашық аспан астындағы кітапхана» атты байқауға қатысқаны үшін «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімі ММ басшысы М.Н.Қорғанбаеваның, «Қалалық  орталықтандырылған  кітапхана жүйесі» ММ директоры  Б.К.Кошакбаеваның  Алғыс хаттарымен марапатталды.

2017 жыл мәдениет және өнер қызметкерлерң күніне Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Қорғанбаеваның Алғыс хатымен марапатталды.

2018 жыл ҚР  мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Астана қаласы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасы табысталды.

«Халықтық ұжым» «Сұңқар» вокалдық ансамблінің топ мүшелерімен таныс болыңыздар!

«Ұшқын» тобы
Тәлімгері Қуанышқызы Арайлым

1. Амангелді Абдірахман Саматұлы — № 36 мектеп
2. Төлегенов Ерсұлтани Серікжанұлы -№ 16 мектеп
3. Жандосұлы Шәкәрім -№ 36 мектеп
«Juniors» тобы
Тәлімгері Серікқалиева Баянсұлу Аділбекқызы

1. Өмірзақ Нұрдәулет Ермекұлы — №36 мектеп
2. Мейрамбек Хамза мейрамбекұлы — №13 мектеп
3. Саламат Санжар Менсізбайұлы — №34 мектеп
4. Дархан Ердәулет Ерланұлы — №40 мектеп
«Көркем» тобы
Тәлімгері Уразгалиева Айлана Серіковна

1. Уксукбаева Тамирис Тұрлыбековна
2. Жардемова Аяулым Русланқызы — №8 мектеп
3. Нағашыбаева Аружан Серікқалиқызы
4. Бисенбай Әсем Ержанқызы — №8 мектеп
5. Бертлеу Гульназ Сырымқызы
«Арлан» тобы
Тәлімгері Сағынова Жарқынй Берікқызы

1. Махсетов Досымжан
2. Тілеужанов Жангелді
3. Шамеутдинов Ғалым
4. Әлімжанов Бақдәулет Бақытұлы
«Candy» тобы
Тәлімгері Кульманова Нұрзат

1. Нұрланова Альбина
2. Құнназар Ақерке Қайратқызы – Қызылжар орта мектебі
3. Қуандықова Аянат Қайратқызы — №30 мектеп
«Бастау» тобы
Тәлімгері Жәнібекқызы Назкен

1. Мұхтар Арнұр — №42 мектеп
2. Жарас Сұңғат Арманұлы — №47 мектеп
3. Тәжімбетов Бағдәулет — № 72 мектеп лицей
4. Алжанов Нұрбол — №66 мектеп
5. Сайлаубай Дамир — №11 мектеп
«Crystals» тобы⠀
Тәлімгерлері Ұзақбаев Бекжан
Әбілқасұлы, Шарипов Бексұлтан Мерғалиұлы

1. Сәрсенбаева Дильнара Еркебұланқызы — №63 мектеп
2. Кенжебекқызы Меруерт — № 24 мектеп
3. Дүкенбаева Альбина Серікқызы — № 36 мектеп
4. Байғали Лаура Қайыржанқызы — № 40 мектеп