Құрметті ақтөбеліктер мен қала қонақтары!

Асыл өнерді жастайынан әспеттеп жүрген жас тұлпарлардың тұсауын кесіп, үлкен өнер жолына басқан әр қадамдарына қуана білетін құрметті өнерсүйер қауым!

Қалалық мәдениет Үйінің өнер ұжымы —  «Сұңқар» вокальды ансамблінің жас өнерпаздарының жаңа бағдарламалық «Шуақты күндер сезімі» атты концертіне шақырамыз!

«Сұңқарлықтар» қаламыз бен облысымыздың айтулы  мәдени шараларында аянбай өнер көрсетіп, қайырымдылық концерттерін беріп жүр. Олар жас болса да республикалық, облыстық фестиваль-байқауларда топ жарып, көптің алғысына бөленуде!

«Сұңқарлықтардың» ұстазы Ләззат Ерпайызқызы таланты тас жарған таңдаулы шәкірттерінен топ жасақтап, алдарыңызға жаңа бағдарламамамен шығарып отыр.

Билет құны бар болғаны: 500 теңге.

Асыл аналарымыз бен аяулы қыз-келіншектердің құрметіне арналған 8-наурыз мерекесі қарсаңында өзіңізге және отбасыңызға тамаша көңіл күй сыйлап, таза да тұнық  дауыс иелерінің өнерлеріне куә болыңыздар!